Департаменттің барлық қызметкерлері арасында «Тәуелсіз өмір» атты семинар өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың 07 қараша күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Кыстаубаеваның төрағалығымен, Атырау облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Д.М.Муханбеталиев, «Жаңғыру» реабилитациялық қолдау орталығының басшысы А.А.Ізбасаров және «Тәуелсіз өмір» жастар қозғалысының координаторы Н.М.Рамазанованың қатысуымен департаменттің барлық қызметкерлері арасында «Тәуелсіз өмір» атты семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты- ойын мекемелеріне баруымен немесе ақшалай өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойының құрығына түсіп, құтылар жол таба алмай жатқандарының санын азайту, құмар ойындардың жастарға, қоғамға, мемлекеттік қызметшілерге әкелетін зардабы мен кері әсерін түсіндіру және қоғам дертіне айналып келе жатқан лудомания және оның салдарының алдын алу болып табылады.
Семинар соңында сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар енгізіліп, талқыланды.