Атырау облысы Әділет департаменті мен университет базасындағы «Заң клиникасымен» бірлесіп тегін құқықтық консультация акциясын өткізді

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау облысы Әділет департаменті мен университет базасындағы «Заң клиникасымен» бірлесіп тегін құқықтық консультация акциясын өткізді.
Акцияға Департамент қызметкерлері, нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылар, сот сараптамалар институтының өкілдері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заңгерлік көмек көрсету және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Кеңес алу үшін келген азаматтар ипотекалық мәселелер, мүгедектік пен оған байланысты жеңілдіктерді алу, алимент өндіру, жер телімдеріне қатысты құқықтық сұрақтар, сондай-ақ несие алу бойынша сауалдарын қойды.
Іс-шара барысында мамандар әрбір азаматтың сұрағына жеке назар аударып, құқықтық кеңес берді. Мұндай шаралар студенттердің тәжірибелік білімін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосады.