Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасындағы «Заң клиникасының» студенттері Атырау облысы Әділет департаментінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Болашақ заңгерлер департамент бағыттарының барлық бөлімдерін аралап, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызметке орналасу тәртібі туралы жан-жақты мағлұмат алды.
Департамент басшысының м.а. Г.У.Кыстаубаева студенттерге ұжымның атқарып отырған қызметі туралы кеңінен ақпарат берді. Студенттер өз кезегінде әділет саласы бойынша қызығушылықтарын білдіріп, болашақта өздерін ұжым ортасынан көргісі келетіндерін жеткізді.