«Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

«Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Атырау облысы Әділет департаменті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша Департаменті қызметкерлерінің, нотариус, адвокаттардың қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында «INFINITY MALL» сауда-ойын-сауық орталығында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңгерлік кеңес беру арқылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында, цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентінің жұмысын насихаттап, қойылған сұрақтарға жауап берілді.