Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай, Нарын, Аққыстау ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай, Нарын, Аққыстау ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.У.Кыстаубаеваның, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай, Нарын, Аққыстау ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Шараның басты мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы құқықтық қолдау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, заң төңірегіндегі сұрақтарына жауап беру.
Акция барысында азаматтар кәсіпкерлердің жұмысын тексеру тәртібі, сот үкімі бойынша құжаттардың орындалысы, жол қауіпсіздігі, оның ішінде мал өрісі тұсында жол белгілерін орнату, мүгедектікті тағдайындау, алимент өндірудегі мәселе, берешек бойынша жеке шоттың бұғатталуы және оны ашу жөніндегі сауалдарымен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар алды.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында, цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентінің жұмысы насихатталып, жадынамалар таратылып, халыққа кеңінен түсіндірілді.