«Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 14 қазан күні Атырау облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының Атырау қаласының № 1,2,3 бөлімдері басшыларының және бөлім қызметкерлерінің қатысуымен «Әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынның басты мақсаты - халық арасында апостильдеуге жататын құжаттарды тапсыру, толтыру талаптарын түсіндіру және электрондық апостиль қоюдың ыңғайлығын тұтынушыларға бағыт-бағдар беру.
Шара барысында қалалық бөлімінің қызметкерлерімен жұмыста кездесетін сұрақтар қойылып, заң аясында жауап берілді.