Атырау облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлерімен жеке сот орындаушыларының қызметіне Департамент басшысының бекітуімен, өңірлік палата басшысының келісуімен жасақталған жеке сот орындаушыларының қызметіне жылына бір мәрте жоспарлы бақылау жүргізу туралы кестесіне сәйкес кезекті жоспарлы бақылау жүргізілуде

Атырау облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлерімен жеке сот орындаушыларының қызметіне Департамент басшысының бекітуімен, өңірлік палата басшысының келісуімен жасақталған жеке сот орындаушыларының қызметіне жылына бір мәрте жоспарлы бақылау жүргізу туралы кестесіне сәйкес кезекті жоспарлы бақылау жүргізілуде.
2024-2025 жылдары Жеке сот орындаушыларының қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында заңнама талаптарын өрескел бұзған тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Тексеру нәтижесінде 12 жеке сот орындаушысы сот шешімімен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Бұл әділет органдарының атқарушылық іс жүргізу саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі әрі принципті жұмыс жүргізіп отырғанын дәлелдейді.
Сот орындаушыларының қызметіне бақылау тұрақты сипатқа ие және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуының сапасы мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері аталған саладағы заңдылықты нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастырып келеді және әрбір сот орындаушысы заңнаманы және кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндетті екенін еске салады.