«Атырауда жасалған» көрме-жәрмеңкесі өтті

«Атырауда жасалған» көрме-жәрмеңкесі өтті.
Қала күніне орай Атырау қаласы әкімдігі және Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Атырауда жасалған» атты жергілікті тауар өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өткізілді.
Көрмеге құқықтық түсіндіру мақсатында Атырау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Р.Рамазанова және де Атырау облысындағы географиялық нұсқаманың құқық иеленушісі жеке кәсіпкер «Нұрриза» қатысып, өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынылды.
Одан бөлек жергілікті дизайнерлердің сәнді киімдері, қолөнершілердің бірегей бұйымдары көрсетіліп, келушілер үшін шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. «Халық дауысы» байқауы аясында тұрғындар үздік азық-түлік өнімін анықтау үшін дауыс беруге мүмкіндік алды.
Бастама жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға, кәсіпкерлікті дамытуға және Атырауда жасалған өнімдерді кеңінен насихаттауға бағытталғанын да айта кетейік.