Атырау облысы Әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өткізілді

Атырау облысы Әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өткізілді
 

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні Атырау облысы Әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай Атырау облыстық адвокаттар алқасы, нотариалдық, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын өткізілді.
Атаулы күнге орай, Департамент басшысы А.Н.Каримов үздік қызметкерлерге мемлекеттік марапаттар, алғыс хаттар мен грамоталар табыстап, мерекелік лебізін білдірді.
Сондай-ақ, «Мөлдіркөз» көзі көрмейтін мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Ж.У. Гумаров та мерекелік шараға қатысып, балалар атынан күмбірлеген күй тарту етті.