Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу үшін ЕСКЕРТПЕ

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу үшін ЕСКЕРТПЕ

Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлғалар «Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы» мекемесіне еркін нысанда өтініш береді (+77088026102, +7079374939).

 

Тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

 

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

 

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz  веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

 

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру;

      2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткерадамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім.