Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Г.У.Кыстаубаеваның, адвокат, жеке сот орындаушы және нотариустың қатысуымен «Әділетті қоғам – құқығы қорғалған анадан басталады» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында «Анаға қолдау» жобасына қатысушы аналарға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, алимент өндіру, жеке шоттың жабылуы, үлескерлік, отбасылық зорлық-зомбылық мәселелері туралы құқықтық-ақпараттық кеңес берілді.
Сондай-ақ, жеке қабылдауда қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап берілді.