Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.А.Анжанова және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша Департамент өкілдігінің қатысуымен Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата заң – ел тірегі» атты әдістемелік-танымдық шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты – Ата заңның тарихын, мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін таныстыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.