Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У. Кыстаубаеваның, нотариус, адвокат және жеке сот орындаушыларының қатысуымен «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында, Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша «Тегін заң көмегі» акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Шараның басты мақсаты - азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету арқылы құқықтық қолдау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, заң төңірегіндегі сұрақтарына жауап беру.Акция барысында азаматтар жол көлік оқиғасы, көлікті сатып алу шартына қатысты, көші-қон мәселелері туралы сауалдарымен жүгініп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар алды.Тұрғындарға мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, коллекторлық мекемелерінің қызметі және атқарушылық жазба бойынша нотариус пен жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттері, атқарушылық жазбаға қарсылық беру тәртібі туралы түсініктер берілді.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру мақсатында, цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агентінің жұмысы насихатталды.