Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У. Кыстаубаеваның қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай дана, Абай дара қазақта” тақырыбында семинар-тренинг өтті

Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У. Кыстаубаеваның қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай дана, Абай дара қазақта” тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингті Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының маманы А. Қ. Ығылова өткізді.
Шараның басты мақсаты - қызметкерлер арасында классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру.