Атырау облысының нотариаттық палатасында Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен нотариустардың қатысуымен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Атырау облысының нотариаттық палатасында Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен нотариустардың қатысуымен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Семинар барысында, нотариустарға қаржы мониторингі субъектілері арасында қаржы мониторингі жөніндегі заңнаманың бұзылуына жол бермеу жөнінде және заң талаптарының қолдану практикасы түсіндірілді. Сонымен қатар, нотариат саласында өзекті өзге де мәселелер талқыланып, пікір алмасты.