«Шет мемлекеттермен құқықтық көмек және ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды жүзеге асыру» тақырыбында Zoom қосымшасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының АХАТ басқармасы, қала және барлық аудандық АХАТ бөлімінің қызметкерлеріне семинар өткізілді

2025 жылдың 12 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаменті Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Шет мемлекеттермен құқықтық көмек және ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды жүзеге асыру» тақырыбында Zoom қосымшасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының АХАТ басқармасы, қала және барлық аудандық АХАТ бөлімінің қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Семинарда Тәуелсіз мемлекеттердің азаматтарына азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құжаттарды алу бойынша құқықтық көмек көрсету «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» 1993 жылғы 22 қаңтардағы Минск қаласында қол қойылған және 2002 жылғы 7 қазандағы Кишинев қаласында жасалған Конвенциялар шеңберінде өзара іс-қимыл жүзеге асырылатындығы нақтыланды.