Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримовтың қатысуымен #«ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі аясында Атырау қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпанындағы № 80 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» жоспарының 20-тармағын орындау мақсатында, #«ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі аясында Атырау қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің елге деген, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттыру. Жастарды қоғамға етене араласуға баулып, азамат ретінде ой-пікірлерін қалыптастыруға ықпал ету.