«Балықшылар күніне» орай, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының сала кәсіпорындарының қатысуымен көрме ұйымдастырылды

2025 жылдың 11 шілдеде «Балықшылар күніне» орай, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының сала кәсіпорындарының қатысуымен көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге өңірдегі белгілі балық шаруашылығы өкілдерімен қатар, географиялық нұсқама объектісі ретінде өнімдерін тіркеткен «Аманкелді атындағы» ЖШС-гі де қатысты.
Көрменің басты мақсаты – ата кәсіпті дәріптеу, жас ұрпаққа балықшылар еңбегінің маңызын жеткізу, жергілікті өнімдерді қолдау және туризмді дамыту.
Сонымен қатар, аталған шараға Атырау облысы Әділет департаментінің өкілі – Р.М. Рамазанова қатысып, тауар белгілерін және географиялық нұсқаманы тіркеудің ерекшіліктері, зияткерлік меншік саласындағы сауаттылықтың маңызы туралы құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.