Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту аясында Атырау облысының Әділет департаментінде ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында қызметкерлер арасында викторина ұйымдастырылды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту аясында Атырау облысының Әділет департаментінде ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында қызметкерлер арасында викторина ұйымдастырылды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту аясында Атырау облысының Әділет департаментінде ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында қызметкерлер арасында викторина ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері екі топқа бөлініп, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды. Викторина барысында қатысушылар ақынның өлеңдері, қара сөздері, өмір жолы мен философиялық ойлары туралы сұрақтарға жауап беру арқылы ұлы тұлғаның рухани мұрасын тереңірек таныды.
Шараның мақсаты – Абай мұрасын кеңінен дәріптеу, мемлекеттік қызметкерлер арасында рухани құндылықтарды насихаттау және ұжымішілік мәдени байланысты нығайту.