«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі: тәжірибе, бақылау және тәртіптік жауапкершілік» тақырыбында семинар өткізілді

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі: тәжірибе, бақылау және тәртіптік жауапкершілік» тақырыбында семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Қыстаубаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Д.Китенбаеваның және департаменттің барлық қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі: тәжірибе, бақылау және тәртіптік жауапкершілік» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында Д.Китенбаева қызметкерлерге құмар ойындардан тартыну, дін жайында ақпарат беру, теріс ағымдардың ықпал етуінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту бағытында енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме беріліп, қызметшілермен қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.