Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі аясында азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді

Ағымдағы жылдың 18-маусым күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А. Каримов, Адвокаттар алқасының төрағасы Қ.Демесиновтің, Нотариаттық палатасының жеке нотариусы Н. Күзембаевтың, Атырау облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілі Б.Гизатованың қатысуымен Атырау облысы әкімі аппаратының «Азаматтарды қабылдау орталығында» азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға жүгінген азаматтарға заңнама талаптарына сәйкес түсінік берілді.