«Қазақстан Республикасындағы заң көмегін көрсету құралдарын жетілдіру: азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі заң консультанттары мен адвокатура институттарының рөлі мен даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

Ағымдағы жылдың 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттар палатасы, Каспий университетінің «Әділет» жоғары құқық мектебі, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Заң консультанттарының Республикалық алқасының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы заң көмегін көрсету құралдарын жетілдіру: азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі заң консультанттары мен адвокатура институттарының рөлі мен даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға Департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің мамандары қатысып, тиісті ақпараттармен алмасты.

Конференцияның мақсаты: Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі заң консультанттарымен адвокатура институттарының рөлі мен даму перспективаларын талқылау,сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы заң көмегін көрсету құралдарын жетілдіру механизмін талдау және жетілдіру үшін кәсіби алаң құру.