Жеке және заңды тұлғаларғаәділет органдарына өтініштер дайындау бойынша ұсынымдар

Жеке және заңды тұлғаларғаәділет органдарына  өтініштер дайындау бойынша  ұсынымдар
  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тәртібінің негіздері

Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өтініштер жіберу арқылы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді іске асыру және қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында көзделген.

Азаматтардың бұл конституциялық құқығы өз еркінің көрінісі, өз мүдделерін қорғау құралы болып табылады және мемлекеттің халықтың сұраныстарына ден қоюдеңгейін және халықпен кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.

Демек, Сіздің, мүдделі, сондай-ақ нақты шаралар қабылдауды талап ететін мәселе/проблема шеңберінде азамат және (немесе)заңды тұлғаның өкілі ретінде тиісті мемлекеттік органға (ұйымға) немесе лауазымды тұлғаға, оның ішінде Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдарына жүгінуге құқығыңыз бар.

Өз кезегінде, өтінішті жеке, сондай-ақ ұжымдық тәртіппен, ауызша немесе жазбаша түрде беруге болады («электрондық үкімет» веб-порталы, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш, ұсыныс, өтініш, шағым, сұрау салу немесе пікір айту арқылы).

Бұл ретте, «ауызша өтініш»ұғымына «азаматтың телефон арқылы жүгінуі» бойынша келесі ақпараттарды берудібілдіретініне Сіздің назарыңызды аударамыз:

- ақпарат иесінің жұмыс кестесі;

- ақпарат иелерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының пошта мекенжайлары, электрондық поштасының және (немесе) интернет-ресурстарының мекенжайлары, анықтама қызметтерініңтелефондары, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтер;

- жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сұрау салуларын, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібі;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі;

- сот істерін қарау кестесі;

- ашық конкурстық сауда-саттықты (аукциондарды, тендерлерді) өткізу күні мен орны;

- жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;

- ақпарат иеленуші құрған бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер (болған жағдайда);

- бос лауазымдар туралы ақпарат алу үшін телефон нөмірлері.

Егер Сіз жеке тұлға ретінде жазбаша сұрау салсаңыз, онда:

 

- тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуіңіз керек(қалауы бойынша жеке куәліктің көшірмесін қоса беруге болады).

Заңды тұлғаның атынан жүгінген кезде:

- заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), шығыс нөмірі мен күні, сұрау салуға қол қойған адамның тегі, аты-жөні және лауазымы (сенімхаттың көшірмесі)көрсетіледі.

Сонымен қатар, Сіз пошта мекенжайын немесе электрондық пошта мекенжайын, телефон немесе телефакс нөмірін, басқа да байланыс құралдарын көрсетуіңіз керек.

Жазбаша сұрау салуға Сіз қол қоясыз немесе сенімхат бойынша Сіздің өкіліңіз қол қояды.

Жазбаша өтінішке Сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен расталған сұрау салу да жатады.

Өтініштерді қараудың сапасы, толықтығы және оларға жауап дайындау белгілі бір дәрежеде өтінішті сапалы құрастыру дәрежесіне де байланысты.

Осыған байланысты, өтініш беру кезінде Сізге мемлекеттік органның атауын немесе әрекетіне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымын, Т.А.Ә. (мысалы, әділет департаменті, нотариус, сот орындаушысы және т.б.), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жасау мотивін(бар болған жағдайда) және талапты көрсетуіңіз керек.

Бұл ретте, егер көтерілген мәселе бойынша бұрын басқа мүдделі мемлекеттік органдардың жауаптары ұсынылса, онда оларды да көрсету не өтінішке қоса беру қажет.

Шағымда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтерді көрсете аласыз.

Мыналар қарауға жатпайды:

  • мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш;
  • мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.

Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтінішті қайта қарауға міндетті.

 

  1. Әділет органдарының құзыреті

«Әділеторгандары туралы»Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.

1) Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметініңнормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме береді.

Жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде,сондай-ақөз қызметінің бағыттары бойынша, оның ішінде өзі әзірлеген нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме береді.

Нормативтік құқықтық актіні түсіндіру туралы сұрау салу кезінде Сізге актінің нақты күнін, нөмірі мен атауын, түсіндіруді талап ететін норманы немесенормативтік құқықтық актілер ережелерін қолдануды қажет ететін жағдайды (мән-жайларды) және т. б. көрсету қажет.

2) Әділет органдары жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін («Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін қоспағанда)азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылауды жүзеге асырады («Әділет органдары туралы» Заңның 19-бабының 1-тармағының4) тармақшасы).

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-апостиль қою)Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі – АҚЖ) орналастырылған).

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижелерін беру Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен(бұдан әрі – ЖАО),«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және оның аумақтық филиалдарымен, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz(бұдан әрі – портал)арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі тиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

«Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш қабылдау және нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация және портал арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі тиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрінің 2020 жылғы 27мамырдағы № 58 бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз аумақтық әділет органы басшысының атына не Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet),ЖАО, Мемлекеттік корпорация(https://gov4c.kz) және оның аумақтық филиалдарына, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) (бұдан әрі – МҚІА) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

  • Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӘділет министрлігі және аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойыншамемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация және оның аумақтық филиалдары көрсетеді.

Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік көрсетілетінқызметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі тиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрі міндетін атқарушысының2020 жылғы 29 мамырдағы№ 66 бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз аумақтық әділет органы басшысының атына не Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet),Мемлекеттік корпорация(https://gov4c.kz) және оның аумақтық филиалдарына, МҚІА-ға(www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

4) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Мемлекеттік корпорацияның аумақтық филиалдары арқылы тұлғаның тұрғылықты жері бойынша және портал арқылы көрсетіледі.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсету мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі тиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрінің2013 жылғы 6 мамырдағы № 156, Әділет министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241, Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрықтары АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз Мемлекеттік корпорацияға (https://gov4c.kz) және оның аумақтық филиалдарына жазбаша нысанда пошта, портал арқылы не осы ұйымдардың кеңселері арқылы қолма-қол, жұмыс күндері не Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасының блогына, МҚІА-ға (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

5) Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі көрсетеді.

Аталған саладамемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін қойылатын талаптар тиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығыАҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз аумақтық әділет органы басшысының атына не Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet) жазбаша нысанда пошта, портал арқылы не осы ұйымдардың кеңсесі арқылы қолма-қол, МҚІА (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкестұлғаның жекелеген санаттарына мемлекет кепілдік берген заң көмегі (бұдан әрі - МКБЗК)тегін негізде көрсетіледі.

МКБЗК жеке тұлғаларға алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға көрсетіледі.

МКБЗК алуға құқығы бар тұлғалардыңсанаттары,сондай-ақ Азаматтық процестік кодексте(112-бап), Қылмыстық-процестік кодексте(67-бап) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (749-бап)көзделген.

Барлық жеке және заңды тұлғалардыңМКБЗК құқықтық ақпарат түрінде тегін алуға құқығы бар.

МКБЗК көрсетуден бас тартылған жағдайда Әділет министрлігіне немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға сәйкес Сіз Заң консультантынанзаң көмегіналуға жүгіне аласыз.

Заң консультанты көмек сұрап, өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып отырған кез келген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда көрсетуге құқылы.

Заң консультанты өзіне өтініш жасаған тұлғамен заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт жасасады.

Заң консультантының көрсеткен қызметтеріне не алған түсініктемегеқанағаттанбағанжағдайда Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша Заң консультанттары палатасына немесе аумақтық әділет органдарына жүгінуге құқығыңыз бар.

Алынған жауаптарбойыншаарыз беру арқылы Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet) шағымдана аласыз.

6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу, нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі көрсетеді.

Аталған саладамемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін қойылатын талаптартиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығыАҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз аумақтық әділет органы басшысының атына не Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet) жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы не осы ұйымдардың кеңсесі арқылы қолма-қол,МҚІА-ға(www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, аталған салада мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

Егер елді мекенде нотариус болмаған жағдайда, онда белгілі бір нотариаттық іс-әрекеттер үшін Сіз аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының уәкілетті лауазымды адамына жүгіне аласыз («Нотариат туралы» Заңның 35-бабы).

Нотариаттық іс-әрекеттерді,сондай-ақ («Нотариат туралы» Заңның 36-бабы) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адам жасайды.

7) Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізужөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияны беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі көрсетеді.

Аталған саладамемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін қойылатын талаптар тиісті ережелерде көзделген(Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығыАҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз аумақтық әділет органы басшысының атына не Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet), МҚІА-ға (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті атқарушылық іс-әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі тиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрінің  2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығыАҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда Сіз аумақтық әділет органы басшысының атына не Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet), Мемлекеттік корпорация(https://gov4c.kz) және оның аумақтық филиалдарына, МҚІА-ға (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

8) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӘділет министрлігі көрсетеді.

Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК(бұдан әрі – ҰЗМИ РМК)көрсетеді.

Аталған саладамемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі тиісті қағидаларда көзделген (Әділет министрінің               2018 жылғы28 тамыздағы № 1313, 1315, 1316, 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1340, 1341, 1342, 1343, 1345, 1346, 1347, 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрықтары АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда СізҰЗМИ РМК басшысының атына не Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet), МҚІА-ға (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

9) Сот сарапшыларын аттестаттау, сот сарапшысы біліктілігін беру, сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК(бұдан әрі – ССО)көрсетеді.

Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия беружөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі көрсетеді.

Аталған саладамемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде көзделген (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен нысаны, қажетті құжаттар тізбесі, аттестаттаудан өтуге, біліктілік беруге, лицензия беруге талаптар тиісті қағидаларда көзделген(Әділет министрінің 2017 жылғы30 наурыздағы  № 335, 336, 2020 жылғы 21 сәуірдегі №5  бұйрықтары АҚЖ орналастырылған).

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet), МҚІА-ға (www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet) және оның аумақтық органдарына шағыммен жүгіне аласыз.

Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығыңыз бар.

10) Сот сараптамасы қылмыстық, азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын арнайы ғылыми білім негізінде зерттеу мақсатында жүргізіледі.

Сараптамаларды сот сараптамалары органдарының қызметкерлері (ССО филиалдары) және лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғалар жүргізеді, бұл ретте жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жазбаша нысанда және белгіленген талаптарға сәйкес сарапшының қорытындысы түрінде ресімделеді.

Сот сарапшыларының қорытындыларымен келіспеген, сондай-ақ айқындығы немесе толықтығы жеткіліксіз болған жағдайда, Сіздіңпроцесті жүргізген органға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қайта не қосымша сараптамалар тағайындау туралыжүгінуге құқығыңыз бар.

Сонымен қатар, сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу мәселелері бойынша, сондай-ақ іс жүргізу барысында бұзушылықтар байқалса және сарапшылардың қорытындылары бойынша түсіндірулер беру қажет болса, Сіздің ССО-ға немесе оның филиалдарына, Сот сарапшыларының республикалық палатасына (www.rpse.kz)және Әділет министрлігіне (www.gov.kz/memleket/entities/adilet)жүгінуге құқығыңыз бар.

Өтініштерді қарастыру «Әкімшілік рәсімдер туралы»(2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жояды), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»(2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жояды), «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Халыққа құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру мақсатында 119 бірыңғай нөмірі арқылы(Қазақстан бойынша стационарлық телефон арқылы тегін)Құқықтық ақпарат қызметі жұмыс жасайды.Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары үшін 58-00-58 нөмірі арқылы тегін, ұялы телефондар үшін 8 (7172) 58-00-58 нөміріне қоңырау шалу ұялы оператордың тарифіне сәйкес жүргізіледі.

Бұдан басқа, азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін Әділет министрлігінің интернет-ресурсында Whatsapp (8-708-693-56-31) онлайн-мессенджер сервисі іске қосылған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде ресми парақшалар көзделген(https://www.instagram.com/adiletgovkz/,https://www.facebook.com/adiletgov/).

_______________