Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, Байзар сауда орталығында “Қазақстанның үздік тауары” республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті.

2025 жылдың 31 мамырында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, Байзар сауда орталығында “Қазақстанның үздік тауары” республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті.
Байқау аясында бір ауыл бір өнім жобасы бойынша өңірдің тауарын қолдауға және олардың өнімдерімен танысуға, жергілікті кәсіпкерлер өнімдерінің географиялық нұсқама бойынша тіркелген өнімдер, өңірдің ұлттық брендтер санын ұлғайту көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Атырау облысындағы географиялық нұсқаманың құқық иеленушісі жеке кәсіпкер “ Нұрриза” қатысты.
“Қазақстанның үздік тауары” өңірлік көрме - байқауында “Халық тұтынатын үздік тауарлар” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.