Атырау қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.

Атырау қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.
 

ҚР Үкіметінің қолдауымен, ҚР Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен Атырау облысының 7 ауданында және Атырау қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Бір мезетте облысымыздың 400-ден аса тұрғыны еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультациялық көмектерін алды.

Акцияға Атырау облысы Әділет департаментінің өкілдері адвокаттар, Атырау облысы әкімдігінің басқарма мамандары, прокурорлар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Полиция департаментінің өкілдері, Кәсіпкерлер палатасы, заңгерлер, сот орындаушылары, нотариустар және мемлекеттік орган өкілдері, заң кеңесшілері құқықтық көмек көрсетуге келді.

Азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қаржылық мәселелер мен заңгерлік көмекке жүгінді.