ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ!

📣“ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ!
🔹2025 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпы республикалық акциясы өтеді!
🔸Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, Сіздерге заң тұрғысынан көмектесетін болады.
🔹Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
📍Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 111 А
“BAIZAAR” сауда ойын-сауық орталығы
⏳Басталуы 2025 жылғы 30 мамыр күні сағат 17:00.
🔸Кіру тегін!
🔹Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.