Атырау облысы Әділет департаменті ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туылғанына 180 жыл мерейтойын атап өтуіне байланысты , Департаменті басшысы А. Каримов және бөлім басшылары Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебаб кітапханасына барып, қазақ халқының рухани көсемі Абай Құнанбайұлының өлеңдерін нақышына келтіріп оқу челленджін ұйымдастырды .

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Атырау облысы Әділет департаменті ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туылғанына 180 жыл мерейтойын атап өтуіне байланысты , Департаменті басшысы А. Каримов және бөлім басшылары Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебаб кітапханасына барып, қазақ халқының рухани көсемі Абай Құнанбайұлының өлеңдерін нақышына келтіріп оқу челленджін ұйымдастырды .
Іс-шараның басты мақсаты — Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. Атырау облысы Әділет департаменті алдағы уақытта да еліміздің мәдени-рухани мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысатын болады.
Челленджді @shymkent.adilet.gov.kz қабылдап алдық.
Одан әрі @bko.adilet.gov.kz жолдаймыз!