Әділет департаментінің басшысы А. Каримовтың төрағалығымен департаменттің жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы А. Каримовтың төрағалығымен департаменттің жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнагүл Қақиева қатысып, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталатыны және іріктеудің мақсаты мен кезеңдері туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.