Жоғарғы оқу орын студенттеріне дәріс өткізілді.

Жоғарғы оқу орын студенттеріне дәріс өткізілді.

Астана қаласы Әділет Департаментінің Әкімшілік бөлімінің бас маманы Касенова З. «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында жоғарғы оқу орын студенттеріне дәріс өткізілді.
Іс-шарада әйелдердің құқықтары мен гендерлік теңдік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың зияны мен онымен күресу жолдары басты тақырып ретінде қаралды.
Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет» тақырыбында арнайы бөлім өтіп, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оның алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік жайында ақпарат берілді.
«Тәртіпті өзіңнен баста» идеясы – әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтегенде ғана қоғамда әділет пен тәртіп орнайтынын ұғындырды.