Астана қаласы Әділет департаментінің «Мүліктік мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының орындауында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының атқару парағы негізінде алтын бұйымдарды тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу болды.
Атқару құжатының талабын орындау шеңберінде мемлекеттік сот орындаушымен алтын бұйымдар тәркіленіп, «ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» РММ-не берілді.
Жоғарыда көрсетілген атқару өндірісі бойынша шаралар қолдану барысында сот актісінің талаптары толық орындалды.