Студенттерге арналған семинар

Студенттерге арналған семинар

Астана қаласы Әділет Департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Әкімшілік бөлімінің бас маманы Турдыбаева А. «Жеңіске жол» атты акция аясында Esil University қабырғасында дәріс ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттерге арнап тарихи-танымлық дәрістер оқылды, патриоттық баяндамалар жасалды және соғыс жылдарына қатысты архивтік материалдар таныстырылды.

«Жеңіске жол» акциясы – өскелең ұрпақты елжандылық пен бірлікке тәрбиелеуге бағытталған игі бастама. Акция барысында қатысушылар ел тарихындағы батырлық пен қаһармандық туралы мол мағлұмат алып, бейбіт өмірдің құндылығын терең түсінді.