🔹25 сәуір 2025 жылы құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі басшысы К.К. Бекбауова жетекшілігімен Zoom платформасында онлайн-конференция өткізілді. Іс-шараға Астана қаласының 350-ден астам нотариусы қатысты.Конференцияның басты тақырыбы — Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын түсіндіру болды.Іс-шара барысында нотариустарға заң талаптарын сақтау бойынша нақты түсіндірмелер беріліп, тәуекелдерді анықтау және тиісті органдарға уақытылы хабарлау бойынша практикалық ұсынымдар ұсынылды.