Студенттер үшін дәріс өткізілді.

Студенттер үшін дәріс өткізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары мен «Заң және тәртіп» қағидаттарын жүзеге асыру аясында, мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Ғ. Қурметқан Астана қаласының Медициналық университеті студенттерімен семинар өткізді.

Семинарда студенттерге буллинг пен лудоманияның психикалық және физикалық денсаулыққа тигізетін зияны туралы, сондай-ақ бұл әрекеттердің құқықтық салдары жайында түсіндірілді. Бұл мәселелер Конституцияда белгіленген адам құқықтары мен қадір-қасиетіне қайшы келетіні атап өтілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру және оқу ордаларында буллинг пен тәуелділікке жол бермеу. Қоғамның осы мәселелерге бейжай қарамай, бірігіп күресуі қажеттігі айтылды.