Семинар студенттер үшін

Семинар студенттер үшін

🔸 2025 жылғы 28 наурызда құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.К. Смагулов Астана қаласының Жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Адвокат немесе заң консультанты мәртебесін алу үшін қойылатын талаптар» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге адвокат және заң консультанты мәртебесін алу талаптары мен шарттары, сондай-ақ олардың кәсіби қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді. Семинар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңгерлік мамандық туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.
Іс-шара «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында өткізілді. Конституцияның 30 жылдығына арналған бұл жоспар аясында студенттерге Ата Заңға және адам құқықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған дәрістер де өткізілді.