
🔸Астана қаласы Әділет департаментінің «Мүліктік мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының орындауында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының атқару парағы негізінде «LIFAN X 50» маркалы автокөлігі тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу болды.
Атқару құжатының талабын орындау шеңберінде мемлекеттік сот орындаушымен «LIFAN X 50» маркалы автокөлігі тәркіленіп, «ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» РММ-не берілді.
Жоғарыда көрсетілген атқару өндірісі бойынша шаралар қолдану барысында сот актісінің талаптары толық орындалды.