🔹2025 жылдың 13 наурызында №2 Арнаулы мектебінде Астана қаласы Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің бас маманы А.Б. Қойшыбаева «Тәртіпті өзіңнен баста» және «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру, оның алдын алу жолдарын көрсету және адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау.
Шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның қоғамға әсері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, семинар барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңыздылығы, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі туралы да ақпарат берілді. Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата Заң – ел тұғыры» тақырыбы қозғалып, Ата Заңның мәні мен құндылығы ерекше атап өтілді.