Контрафакт.

Контрафакт.

Әділет департаменті «LEGO Juris A/S» компаниясының құқық иеленушісі өкілінің контрафактілік өнімге және «LEGO Juris A/S» компаниясына тиесілі тауар таңбалары мен белгілерін заңсыз пайдалануға қатысты өтініші бойынша Астана қаласының кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында, кәсіпкерлер Астана қаласының аумағында контрафактілік тауарларды, атап айтқанда құқық иеленушінің келісімінсіз тауар таңбаларымен араласу дәрежесіне дейін ұқсас таңбаланған балалар конструкторларын пайдаланатыны және сататыны анықталды. Кәсіпкерлер өткізетін тауарларды құқық иесі өндірмеген. Осыған сәйкес, аталған тауарлар контрафактілік деп танылады.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, географиялық көрсеткіштер және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның 44-бабының 3-тармағына сәйкес - тауар таңбасы иесінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның орамасы, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен араласу дәрежесіне дейін ұқсас белгілер контрафактілік деп танылады.
Тексеру барысында заңсыз айналымнан жалпы сомасы 1 830 300 теңгені құрайтын 195 контрафактілік өнім тәркіленді. Кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Өзінің кең танымалдығы мен танымалдылығына байланысты «LEGO» Қазақстандағы нарықтың едәуір үлесіне ие, демек, Қазақстан азаматтарының денсаулығына елеулі және негізделген қауіп туғызады.
Тауар таңбасы иесінің өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалануға және оған билік етуге айрықша құқығы бар.
Әділет департаменті контрафактілік өнімнің сертификаттары мен лицензиялары жоқ екенін ескертеді, сондықтан сапаға кепілдік бере алмайды және өмірге қауіпті болуы мүмкін.