«Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерілету мақсатында «Қазақстандағы буллинг»: назар аударуды талап ететін мәселе» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрістерін өткізді.

«Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерілету мақсатында «Қазақстандағы буллинг»: назар аударуды талап ететін мәселе» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрістерін өткізді.
Мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімі 2024 жылғы 20 қарашада «Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерілету мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «№ 28 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК сегізінші сынып оқушылары арасында «Қазақстандағы буллинг»: назар аударуды талап ететін мәселе» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрістерін өткізді.
Дәріс аясында оқушыларға құрбыларына қатысты буллингке (жәбірлеуге) жол бермеу және кәмелетке толмаған адамды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің туындайтыны туралы ескертілді.
Шараны өткізу мақсаты – оқу орындарында буллингтің алдын алу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, жас ұрпақты адалдыққа, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасқа тәрбиелеу.