2024 жылдың 28 тамызында Астана қаласының Әділет департаменті Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп Конституция күні қарсаңында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Құқықтық мәселелерді талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қаланың белсенді азаматтары жиналды. Кеңесшілер ретінде Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлім басшысының м.а К.К.Бекбауова, Астана қаласының адвокаттары, нотариустартары, жеке сот орындаушылары ,сарапшылар қатысты.
Елорданың белсенді тұрғындары сарапшылармен бірлесіп, өзекті құқықтық мәселелерді талқылады. Сондай-ақ ұсыныстармен алмасты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби көмек алды. «Әртүрлі бағыттарда көптеген проблемалар бар – заңды, нотариаттық, сот. Бүгінгі алаң азаматтарға көмек көрсету үшін берілген. Адамдар кері байланыс, пайдалы ақпарат және көмек алады. Мұндай Ашық есік күндерін мамандарға өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін өткізу аса маңызды.