Борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2024 жылдың бірінші тоқсанында Астана қаласының Әділет департаментінің Әкімшілік тәжірибе бойынша аумақтық бөлімі борышкерлерге қатысты 102 хаттама жасады.

Оның ішінде алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты 43, сондай-ақ, берешек сомасын өндіріп алу жөнінде 53 әкімшілік хаттама.

Астан ақаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес алимент бойынша 10 борышкер 1-ден 5 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке  тартылды. Әкімшілік мерзімін өтеу үшін борышкерлер Астана қаласы полиция департаментінің арнайы қабылдау мекемесіне жеткізілді.

Бұдан басқа, 82 борышкер әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.