Әділет департаментінің атқаратын жұмысы және алимент санаттағы атқару құжаттары

Әділет департаментінің атқаратын жұмысы және алимент санаттағы атқару құжаттары

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы А.С. Ақылбай және басшының орынбасары А. А. Айнабековтың қатысуымен "Әділет департаментінің жұмысы және алимент санаттағы атқару құжаттары" тақырыбында брифинг өтті.

Алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындаудың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, өндірістердің бұл санаты Департаменттің ерекше бақылауында. Бүгінгі таңда Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасында 249 жеке сот орындаушылары бар. Ағымдағы жылдың басынан бастап ТЖК-ға қатысты 60 жоспарлы тексеру ашылды, оның ішінде 40-ы аяқталды, 20-сы орындауда, сондай-ақ 43 жоспардан тыс тексеру ашылды. Тексеру нәтижелері бойынша 86 жеке сот орындаушысы тәртіптік комиссияның шешімімен жазаланды, 3-і лицензиядан айырылды, 1-і ТЖК лицензиясынан айыру туралы ұсыныс ҚР Әділет министрлігінің қарауында.