«Жеке сот орындаушысы болу үшін не істеу керек?»

«Жеке сот орындаушысы болу үшін не істеу керек?»
«Жеке сот орындаушысы болу үшін не істеу керек?»
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV (бұдан әрі-Заң) заңының 140-б. 1-т. сәйкес жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.
Заңның 142-б. 5-т. сәйкес судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, кемінде екі жыл атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген адамдар, құқық қорғау немесе арнаулы органдарда жұмыс істеген адамдар, прокурор, тергеуші лауазымында немесе жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын не қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болған кезде тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпей жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.
Заңның 141-1-б. сәйкес тағылымдаман өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарға тестілеуді жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.