2023 жылғы 20 қазанда Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Сибагатова Асель Маратовнамен «TOYOTA», «LEXUS» тауар белгісін пайдалануға қатысты автомобиль қосалқы бөлшектерін сататын авторарық кәсіпкерлері арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасының аумағында «Toyota Motor Corporation» компаниясы тауар белгілерінің, оның ішінде «TOYOTA» «LEXUS» жалпыға белгілі тауар белгісінің иесі болып табылады.
Тауар таңбасының иесінің өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалануға және оған билік етуге айрықша құқығы болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.
Құқықтық түсіндіру жұмысының басты мақсаты - басқа біреудің тауар белгісін пайдалануға жол бермеу.
Нарықта сапасыз, кейде қауіпті тауарлардың пайда болуы халықтың денсаулығына зиян келтіреді және өміріне қауіп төндіреді, мемлекет экономикасы мен елдің беделіне үлкен зиян келтіреді.
Кәсіпкерлерге басқа біреудің тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы тиісті түсініктемелер берілді.