Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін нығайту
Сююмбаева Жанна Сериковна – Астана қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары. 1975 жылдың 28 желтоқсанында Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келген. 1993 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне түсіп, 1997 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылы «Мемлекеттік және жергілікті» басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 1997 жылы Қостанай қалалық сотының сот орындаушысы қызметінен бастады. Мемлекеттік қызметте, оның ішінде әділет органдары жүйесінде еңбек өтілі 25 жыл 9 айды құрайды. 2021 жылдың 18 мамырынан бастап Астана қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарады. Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды: 2015 жылы - Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері, 2017 жылы - «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Әділет органдарының үздігі», Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, 2018 жылы - «Астана 20 жыл» медалі, 2020 жылы - «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі, 2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі.