«Аманат» партиясының елордалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы Арман Серікұлы Ақылбай 2023 жылдың 13 қыркүйегінде азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтардың жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындамауы және алимент төлемдерін өндіріп алу бойынша қойған сұрақтарына тиісті жауаптар қайтарылды.