Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтау

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтау

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің дамуы мен гүлденуінің мызғымас негізі. Ел бірлігінің алтын діңгегі – Ата Заңымызда бекітілген басты құндылықтар бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық еліміздің тұрақты дамуының кепілі – Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Бүкіл халқымыз үшін баға жетпес асыл қазына-тәуелсіздігіміз бен бірлігіміз жылдан жылға нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! 

 

Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы А.Ақылбай