«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық алғышарттарының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық алғышарттарының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді

Астана қаласының Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық алғышарттарының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Мемлекеттік  қызметтерді алудың ашықтығы және мемлекеттік қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарының туындауына жол бермеу мақсатында, филиалдың қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету  кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау ұсынылды.