Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін нығайту

Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін нығайту

Холмецкая Евгения Григорьевна – Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

1970 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген. Мемлекеттік емес білім мекемесі Құқықтану академиясы – «Әділет» Жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек қызметін 1991 жылы бастады. 2022 жылдың 30 қарашасынан бастап Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып табылады. Әділет органдарында жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы және «Ерен еңбегі үшін» медалі мемлекеттік наградалары бар.

Бұдан басқа, мерекелік және ведомстволық медальдарымен марапатталды: 2014 жылы - «Үздік мемлекеттік қызметші» Төс белгісі, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі, 2018 жылы «Астана 20 жыл» медалі, 2020 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдары, 2021 жылы Премьер-министрінің алғыс хаты.