Астана қаласының Әділет департаменті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша өтініштердің 2023 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданатыны туралы хабарлайды

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 141-1-бабының 2-тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.

Заңның 141-бабының 11-тармағына сәйкес, тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Заңның 141-1-бабының 7-тармағына сәйкес, аттестаттау екі кезеңнен тұрады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру; 2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.

Өтініштерді қабылдау «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамды аттестаттаудан өтуге жіберу туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

Байланыс телефоны: +7(7172) 32-40-92

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі