2012 жылғы Skoda Octavia маркалы автокөлігін тәркілеу

Астана қаласы Әділет департаментінің «Жеке және заңды тұлғалардан сомаларын өндіру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының өндірісінде борышкер ЖШС-дан АҚ пайдасына берешекті өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бар.
Аталған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот орындаушысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, борышкердің 2012 жылғы Skoda Octavia маркалы автокөлігін тәркілеп, берешекті өтеу мақсатында кейіннен сату үшін мамандандырылған тұраққа қойылды.